Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.
Өңіріміздің экологиясы — «ертеңге қалдыратын» мәселе емес, бұл — күн сайын тыныстап, өмір сүріп отырған ортамыз.
«West Dala» компаниясының Бас директоры Қайрат Шәменұлы Салахаденов бұл кәсіпорынды 20 жылға жуық уақыт бойы басқарып, өңірдің экологиялық қауіпсіздігіне үлес қосып келе жатқан тұлға ретінде «Әділет» партиясының тізімі бойынша Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат болып тіркелді.
«Мені ең алдымен туған өлкеміздің табиғаты алаңдатады. Біз тыныстайтын ауаның тазалығы, Жайық пен Каспийдің қазіргі жағдайы, қала көшелерін көгалдандыру, қалдықтарды дұрыс жинау және қайта өңдеу, шаң мен өрттен қорғау — мұның бәрін ертеңге қалдыруға болмайды. Өйткені бұл мәселелер әр отбасының денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер етеді. Табиғатты келер ұрпаққа аманат етіп, таза күйінде жеткізу — баршамыздың ортақ міндетіміз».
Партия өкілдерімен бірге Қайрат Шәменұлы Атырау қаласының тұрғындарымен және түрлі ұжымдармен бірқатар кездесу өткізді:
- инфекциялық аурулар ауруханасының, онкологиялық диспансердің, жедел жәрдем станциясының, ЖИТС-тің алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың және Еркінқала дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлерімен;
- Еркінқаладағы бекіре балық өсіру зауытының, «Ақ Жайық» резерватының мамандарымен және «KEGOC» АҚ энергетиктерімен;
- С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары мен студенттерімен, И. Тайманов, М. Өтемісов атындағы мектептердің, №28 мектептің, Еркінқала орта мектебі мен өнер мектебінің педагогтерімен, сондай-ақ балабақша тәрбиешілерімен;
- «Еділ-Орал» ЖШС және «Эталон» ЖШС ұжымдарымен;
- Еркінқала, Ракуша шағын ауданы тұрғындарымен және «Жұмыскер» мәдениет үйінің ұжымымен.
Кездесулер барысында айтылған барлық бастамалар мен сұрақтар партияның сайлауалды штабына жолданды.
West Dala ұжымы өз басшысына сәттілік тілейді және еске салады: 29 қараша күні әр азамат сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасай алады. Сіздің дауысыңыз маңызды!
.jpg)
.jpg)
.jpg)