Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.
Кәсіби жетістігіңізбен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - еңбегімен еліміздің экология саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби жетістіктерін мойындау және бағалау.
Әріптесіміз Байекеева Жанна байқауда І орынға ие болып, өзінің кәсіби еңбегі мен қосқан үлесі үшін лайықты марапатқа ие болды.
Мұндай жетістіктер қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде экология саласы мамандарының еңбегі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
West Dala ұжымы Байекеева Жаннаны шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да кәсіби табыстарға, жаңа жетістіктерге және лайықты марапаттарға жете беруіңізге тілектеспіз!
.jpg)