Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.
West Dala – SDG Forum Almaty 2026 форумында
2026 жылғы 10 қарашада «Еуразиядағы бизнес және тұрақты даму» тақырыбындағы SDG Forum Almaty 2026 өңірлік форумы өтті. Форумға мемлекеттік органдардың, БҰҰ-ның, халықаралық қаржы институттарының, бизнестің және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысып, Қазақстан мен Еуразия өңіріндегі тұрақты дамудың стратегиялық басымдықтарын талқылады.
Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.
West Dala компаниясы үшін Тұрақты даму жөніндегі бизнес көшбасшылары коалициясын (CEO Coalition for Sustainable Development) қалыптастыруға арналған жоғары деңгейдегі жабық кездесуге қатысу ерекше маңызға ие болды. Бұл кездесуге белсенді қатысу өңірдің бизнес көшбасшыларымен тәжірибе алмасуға, ортақ басымдықтарды талқылауға және тұрақты даму жөніндегі бірлескен күн тәртібін қалыптастыруға үлес қосуға мүмкіндік берді.
West Dala үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) бейілділік корпоративтік стратегияның маңызды бөлігі болып табылады. Біз қалдықтарды жауапты басқаруды, экологиялық қауіпсіздікті, ресурстарды ұтымды пайдалануды және әлеуметтік жауапкершілікті ТДМ-ға қол жеткізуге қосатын нақты үлесіміздің бағыттары ретінде қарастырамыз.
Осындай бастамаларға қатысу серіктестікті нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер ашады және West Dala компаниясының тұрақты даму қағидаттарын өз қызметіне жүйелі түрде енгізуге деген ұмтылысын растайды.