Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.
2026 жылғы 31 қазанда «West Dala» ЖШС Atyrau Eco және Атырау қаласы Алмалы ауылдық округінің әкімі Гульшат Тулегеновна Аухадиеваның қолдауымен Береке ауылында ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Бұл бастама аумақты абаттандыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосқан бей-жай қарамайтын жандардың басын қосты.
Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.
Қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің арқасында бүгінгі күннің өзінде шамамен 160 қап — бұл 1,2 тонна қалдық жиналды. Бұл көрсеткіштің артында үлкен командалық жұмыс, жауапкершілік және қаламыз бен қоршаған ортаны таза ұстауға деген шынайы ниет тұр.
Сенбіліктің ерекше бір бөлігі қатысушылар арасында ең көп қоқыс қаптарын жинау бойынша ұйымдастырылған байқау болды. Қызметкерлер нағыз командалық рух пен тамаша құлшыныс танытты!
Байқау қорытындысы бойынша:
- ҚӨжОКП қызметкері Жүсіпбекұлы Болатбек объектіде жұмыс істей жүріп, таза 11 қап жинап, үздік нәтиже көрсетті!
- Екі ерікті — Талғат Мөлдір Мирқызы мен Амангелді Қаһарман — әрқайсысы 9 қаптан жинап, тамаша нәтиже көрсетті.
- 3 орынды әрқайсысы 7–8 қаптан жинаған Атырау ҚБК қызметкерлері иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен белсенділік танытқан қатысушыларға экологиялық бастамаға қосқан жеке үлесі, еңбегі мен белсенділігі үшін ұйымдастырушылардың естелік сыйлықтары табысталды.
Біз сенбіліктің ең жас қатысушыларына да ерекше назар аудардық. Кішкентай көмекшілер ересектермен бірдей игі іске қатысып, табиғатқа қамқорлық жасаудың жас талғамайтынын көрсетті. Балалардың тырысуы мен белсенділігіне алғыс ретінде оларға да сыйлықтар берілді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың бастауы екеніне сенімдіміз. Өйткені табиғатты қорғап қана қоймай, балаларға бала кезден қоршаған әлемге деген құрметті сіңіру аса маңызды.
«West Dala» ЖШС Atyrau Eco-ға, Атырау қаласы Алмалы ауылдық округінің әкімі Гульшат Тулегеновна Аухадиеваға, Атырау облысының Экология департаментіне, компанияның барлық қызметкерлеріне, еріктілер мен кішкентай көмекшілерге қолдау көрсетіп, белсенді қатысқаны және бей-жай қарамағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Өлкемізді одан әрі таза, жайлы және экологиялық тұрғыдан қолайлы етуді бірге жалғастырайық! Өйткені таза болашақ бүгінгі іс-әрекеттерімізден басталады.
(1).jpeg)
(1).jpeg)
(1).jpeg)
(1).jpeg)