НКОК Н.В. 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ!

Сіздерді НКОК Н.В. 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Ширек ғасырдан бері халықтың дәулетін молайта отырып, бұл мекеме еліміздің мерейі үшін жұмыс істеп келеді!

НКОК Н.В. 25 жылдық мерейтойы – компанияның өсіп-өркендеуі үшін өздерінің білімдері мен тәжірибелерін арнаған компанияның мыңдаған адамдардан тұратын ұжымына ыстық ықылас пен арнау ниеттерді білдіруге мол мүмкіндік. Шын жүректен Сіздерге құттықтауларымызды арнай отыра, өсіп-өркендеп, өздеріңіздің мақсатты идеяларыңыздың іске асуына, жоғары шыңдар мен асуларды бағындыруларыңызды, биіктерден көріне берулеріңізді тілеймін!

НКОК Н.В. біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Біздің компанияларымыз арасындағы жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық тек дамитындығына сенімдіміз!

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.