West Dala «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдады.
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.
Экологиялық акцияға өңір кәсіпорындарының, департаменттер мен басқармалардың өкілдерін қоса алғанда, 200-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау және туған өлкені абаттандыруға өз үлестерін қосу мақсатында бас қосты.
Тазалық әрқайсымыздан басталады. «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау арқылы біз экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып, табиғатқа жанашырлықпен қарау күнделікті іс-әрекеттен басталатынын еске саламыз.
West Dala қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдайды және ортақ іске үлес қосқан барлық акция қатысушыларына алғыс білдіреді.
(1).jpeg)
(1).jpeg)