«Жыл үздігі -2023» салтанатты шарасында West Dala кәсіпорнының бас директоры Кайрат Шаменович Салахаденов Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хатқа әкім Нурлыбаев Қ.Е. Компания басшылығы мен ұжымының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлкен жеке үлесі, сондай-ақ көрсетілген қайырымдылық қолдауы атап өтілді. West Dala өкілі ретінде құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Нурлан Умирзаховқа алғыс хат табыс етілді.

Компания әрқашан қолайлы әлеуметтік орта құруға және өзі қызмет ететін аймақтардың тұрақтылығын арттыруға үлес қосып келе жатқанын айта кеткен жөн.

 

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.