West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Отыз жыл бойы KIOGE мұнай-газ саласындағы негізгі кәсіби алаңдардың бірі болып келеді. Көрме мемлекеттік құрылымдарды, ұлттық және халықаралық компанияларды, ірі жобалардың операторларын, жабдық өндірушілерін, технология жеткізушілерін және мұнай сервистік ұйымдарды біріктіреді. Мерейтойлық көрме халықаралық экспозицияны, практикалық тәжірибе алмасуды және жоғары деңгейдегі стратегиялық диалогты біріктіріп, мұнай-газ және энергетика кешендерінің даму перспективаларын талқылауға, заманауи технологияларды таныстыруға, іскерлік байланыстарды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Көрменің екі күндік жұмысы барысында компания өкілдері клиенттермен кездесіп қана қоймай, олардың ел ішіндегі құндылық (жергілікті қамту), жеткізушілер үшін мүмкіндіктер және ұзақ мерзімді сатып алуларға арналған семинарларына қатысты. Мұндай іс-шараларға қатысу West Dala компаниясына сенімді серіктестік қатынастарды құруға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

        

        

        

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.