КӨГАЛДАНДЫРУ

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

West Dala компаниясы Атырау облысындағы өндірістік нысандарда табиғатты қорғау іс-шаралары аясында аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Біз өндірістік алаңдарды абаттандыруға ғана емес, қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға да баса назар аудара отырып, жасыл желектер отырғыздық. Нысандарымызда табиғи тепе-теңдікті сақтау ерекше маңызға ие. Мәселен, ҚӨжОКП аумағында құстар ұя салады, бұл табиғатқа және оның тіршілік иелеріне ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсетеді.

West Dala үшін экологиялық жауапкершілік — бұл тек белгіленген талаптарды орындау ғана емес, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты іс-әрекеттер. Біз аумақтарды абаттандыру және экологиялық жауапты тәжірибелерді енгізу бағытындағы жұмыстарымызды жүйелі түрде жалғастырамыз. 

    

           

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.