ҚАРТТАР КҮНІ!

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды. Жинақтардың құрамына жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, нан-тоқаш өнімдері мен тәттілер кірді. Бұл — мерекелік дастарханға және күнделікті ас мәзіріне қажетті негізгі азық-түлік. Біз аға буынға шын жүректен мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық жылулық пен жан тыныштығын тілейміз! Әрбір күн қамқорлыққа, көңіл бөлуге және қуанышқа толы болсын! Үлкендерге қамқорлық көрсету және олардың өмірлік тәжірибесіне құрметпен қарау — West Dala компаниясының корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі әрі әлеуметтік жауапкершілігіміздің маңызды негізі.

                           

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз