АЛҒЫС ХАТ

Өткен жылдың соңғы күні біз үшін ерекше есте қаларлық әрі символикалық күн болды. Сол күні Атырауда экологиялық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан компаниялар мен белсенді азаматтар марапатталды.

Салтанатты жиында Атырау облысы әкімінің атынан «West Dala» компанияға алғыс хатты заң мәселелері департаментінің басшысы Нұрлан Өмірзақов алды. 

2024 жылы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аймақтың мыңдаған тұрғынын біріктірді: 30 сенбілік ұйымдастырылып, оған 86 мыңнан астам азамат қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында 1 776 тонна қоқыс жиналып, 1 522 техника жұмылдырылды. 

West Dala қызметкерлері әрдайым аймақты абаттандыру мен тазалық орнатуға шақыруларға үн қосты. Біз «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысқанымызды мақтан тұтамыз және осы бастаманы белсенді қолдаған барлық адамдарға алғысымызды білдіреміз!

Фото материалдары https://atpress.kz/ru/ сайтынан алынды.

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.