Green Jylyoi Expo 2026: қоршаған ортаның тазалығы үшін бірге!
16 қазанда Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.
Акция аясында қатысушылар Құлсары - Доссор тасжолының бойында орналасқан 2-сектор аумағын тазалап, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинады.
Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі - Жылыой ауданы әкімдігінің GBR World Book of Records for Asia and Africa рекордтар кітабына ресми түрде енгізілуі болды. Экологиялық акцияға 5 000-нан астам адам қатысты. Бұл - бірлескен күш-жігердің маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінінің жарқын үлгісі.
West Dala қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдайды.
Белсенділік танытып, жауапкершілікпен атсалысқан және ортақ іске үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Бірге біз таза әрі тұрақты болашақ қалыптастырамыз.
(1).jpeg)
.jpeg)
(1).jpeg)