АЛҒЫС ХАТ

West Dala серіктесін маңызды жетістігімен құттықтайды! 

2016 жылдан бері West Dala NCOC мердігері – «KMG Systems & Services» ЖШС-мен серіктестік орнатқан. Өткен аптада серіктесіміз еңбекті қорғау саласындағы қауіпсіздік бойынша 4000 күн жұмыс уақытын жоғалтусыз және оқиғасыз өткізген әсерлі жетістігін атап өту үшін салтанатты іс-шара өткізді. 

Іс-шарада бұл жетістікке үлес қосқан үздік серіктестер марапатталды. West Dala компаниясынан алғыс хатты диспетчерлік қызметтің аға диспетчері Жанбиров Ерболат алды. Сондай-ақ қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарап, үлгілі еңбек көрсеткені үшін жүргізуші Урынтаев Бейбіт пен жүргізушінің көмекшісі Күжегалиев Нұртасқа жеке алғыстар берілді.

Жиналыста еңбекті қорғау мәдениеті мен қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтау арқасында 4000 күн жұмыс уақытын жоғалтусыз және оқиғасыз жұмыс істеу мүмкін болғаны атап өтілді. 

«KMG Systems & Services» ЖШС-ін құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

 

                        

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.