АЛҒЫС СЕРТИФИКАТЫ

Атырау облысындағы көктемгі су тасқыны аймақ тұрғындары үшін үлкен сынақ болды. Төтенше жағдай ешкімді бейжай қалдырған жоқ: табиғи апаттың салдарын жоюға мемлекетке көмек қолын созған қазақстандық компаниялардың қатарында «West Dala» ЖШС де бар еді.

Атырау қаласы мен жақын маңдағы аудандарды су басу қаупі өткеннен кейін, ТШО компаниясы облыс Әкімдігінің қолдауымен су тасқынына қарсы күресте барынша көмек көрсеткен бизнес серіктестерді марапаттады. Атап айтқанда, біздің қызметкерлер Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Атырау қаласы мен оған жақын аумақтарда су тасқынына қарсы шараларға қатысты. Барлық техника мен көмек компания тарапынан тегін ұсынылды.

ТШО Бас директоры Кевин Лайон қол қойған Алғыс сертификатында компанияның жетістіктері атап өтілген: «Жедел әрекет еткеніңіз үшін, мызғымас адалдығыңыз және жан-жақты көзқарасыңыз үшін алғыс айтамыз. Бұл жергілікті халық пен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, бизнестің үздіксіз жұмыс істеуінде, ресурстар мен инфрақұрылымды қорғауда маңызды рөл атқарды. Сіздің кәсіби мінез-құлқыңыз және ісіңізге деген адалдығыңыз ТШО өз бизнес серіктестерінен күтетін ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Су тасқынына қарсы бастамаларымызға белсенді көмектескеніңіз үшін алғыс білдіреміз».

ТШО компаниясына жоғары бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз және Атырау облысын қолдауға бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестікке адалдығымызды растаймыз.

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.