ҚАУІПСІЗДІК

Қауіпсіздік бірінші орында!

Өткен аптада West Dala компаниясының кеңсесінде өткен еңбекті қорғау күні аптадағы ең маңызды оқиға болды. 28 маусым кеңседе өткен жиналыста бас директор Қайрат Салахаденов West Dala ұжымын «Жұмыс уақытын құр жоғалтуға қатысты оқиғасыз 500 күн» жетістігімен құттықтап, жұмыс орнындағы барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің басшысы Бағдат Дүйсебаев жасалған жұмыстың қорытындысын айтып, компаниядағы қауіпсіз еңбек мәдениетінің деңгейін жақсарту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Жиналыстың барлық қатысушылары қауіпсіз еңбек тақырыбындағы сұрақтармен онлайн викторинаға қатысты. West Dala Өндіріс департаментінің басшысы Гүлмира Ермашева бұл тақырыптың білгірі болып шықты.
Жиналыстың бір бөлігінде су тасқынына қарсы іс-шаралардың 73 еріктісі марапатталды, олар қорғаныс құрылымдарын тұрғызып, ҚБК мен ҚӨжОКП маңындағы Қара өзенге топырақ толтырылған қаптарды қолмен тасыған болатын. Еріктілер белсенділігі мен қажырлы еңбегі үшін құрмет грамоталарымен және естелік кәдесыйларымен марапатталды. Жиналыстың ең қызықты бөлігі – ҚжЕҚ тақырыбындағы балалар суреттері байқауының жеңімпаздарын жариялау болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша келесідей жеңімпаздар анықталды: 1 орын – Мейрамбекқызы Әйгерім; 2 орын – Ізберген Камилла; 3 орын – Салауат Айсұлу; 4 орын – Мейрамбекқызы Нұрия; 5 орын – Жақып Жаннұр. Сондай-ақ, қазылар алқасының мүшелері Айболат Нұрай, Памир Назым, Қататқали Мирас, Руслан Дарина сияқты қатысушыларға 4 ынталандару жүлделерін табыс етті. Барлық бала - бір талант иесі, сол себептен «Марвин» сауда желісінің 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі сомаға сертификаттарымен марапатталды.

Байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстары қауіпсіз еңбек ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады!

 

 

 

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.