ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

West Dala компаниясы қалыптасқан дәстүрі бойынша ерекше қажеттіліктері бар және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуді жалғастыруда. Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысының Махамбет ауданындағы бүлдіршіндерге West Dala-дан 86 сыйлық жіберілді. Бейбарыс ауылындағы «Жас Дәурен» мәдениет үйінде тәттілер салынған жаңа жылдық жәшіктердің бір бөлігі салтанатты түрде табыс етілді.

Компания өкілі Қуанғали Елубаев балалар мен ата-аналарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, оқуда табыс тіледі. Сондай-ақ West Dala атынан Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы мен Атырау облысы Мақат ауданынан келген бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.

Жыл сайын облысымызда балаларға көңіл бөліп, қуанышқа бөлейтін жаңа жылдық іс-шаралардың бір бөлігі болып жатқанымызға қуаныштымыз.

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.