БАЙҚАУ

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.

Финалға 45 жоба жолдама алды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі бағыттар бойынша жеңімпаздарды анықтады:

  • «Экология. Денсаулық» — НЗМ-нің 11-сынып оқушысы Рамина Досжан «JasylZhol» экологиялық мобильді платформасын ұсынды. Жоба қоқыстың заңсыз тасталу мәселесін жасанды интеллект арқылы шешуге бағытталған: жүйе қалдық түрін анықтап, оларды сұрыптау бойынша ұсыныстар береді және картада ластану орындарын белгілейді.
  • «Әлеуметтік жобалар. Өнертабыстар» — «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Имаш Амангелдин көру қабілеті шектеулі және зағип жандарға арналған «SmartSight Cap» құрылғысын ұсынды. Arduino платформасына негізделген әзірлеме ультрадыбыстық сенсорлар арқылы кедергілерді анықтап, пайдаланушыны дыбыстық сигнал арқылы ескертеді.
  • «Инновациялық стартап» — «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Айша Мерекекызы мен Бибінұр Ғабдыжан «Angel Band» жобасын ұсынды. Жоба нәрестелердің кенеттен өлім синдромының алдын алуға бағытталған: ақылды білезік баланың өмірлік көрсеткіштерін бақылап, қауіп туындаған жағдайда дәрігерлерге автоматты түрде хабар береді.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрады, бұл жас өнертапқыштарға өз жобаларын әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.

Барлық қатысушыларға батылдықтары, бастамашылдығы және инновацияға ұмтылысы үшін шынайы алғыс білдіреміз. Сіздердің идеяларыңыз бүгіннің өзінде технология адам мен қоғам игілігіне қызмет ететін болашақты қалыптастыруда. Алға қойған мақсаттарыңыздан таймай, үздіксіз дамып, ізденіс пен шабытты сақтап, жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуына тілектеспіз.

 

 

 

 

 

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.