БІЛІМ БЕРУ

13 желтоқсан күні БҰҰ Жаһандық шарты мен Қазақстандағы БҰҰ кеңсесі серіктестігінің аясында Климаттық амбициялар акселераторы бағдарламасының қорытындылары шығарылды. West Dala компаниясынан экологтар Айнагүл Сагиева мен Светлана Сатанова қатысты. Бағдарламаның елшісі Корпоративтік даму жөніндегі директор Диас Хабиев болды.

Бағдарлама бизнес өкілдеріне тұрақты даму туралы білімдерін тереңдетуге және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға шабыт берді.

Іс-шарада сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы мен СОР29 климаттық конференциясының қорытындылары талқыланды. Бұл оқиғалар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш-жігерді біріктіру қажеттілігін айқындайды.

West Dala компаниясы 2023 жылдың шілде айында БҰҰ Жаһандық шартына қосылып, тұрақты болашаққа ықпал ететін жобаларға белсенді қатысуда.

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.