CHESM аудит

Бүгін, Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күнінде біз «Теңізшевройл» (ТШО) мердігерлері арасында сәуір айында өткен, жыл сайынғы CHESM аудитінің нәтижелерін қуана хабарлаймыз. Аудит еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару процестерін қарауға бағытталған.

CHESM аудитінің нәтижелері бойынша West Dala ең жоғары балл жинаған «А» санатына ие болды: аралық нәтижелер үшін – 97%, қорытынды балл – 96%.
West Dala төрт жыл бойы CHESM бойынша жоғары бағаға ие болды.

Бұл нәтиже жобадағы барлық West Dala қызметкерлерінің ұжымдық еңбегі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Компания ТШО-ның еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын күнделікті орындап отырады.

                  

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.