CHESM ФОРУМЫ

«Тенгизшевройл» ЖШС Мердігерлердің денсулық, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі (CHESM) бойынша Бизнес-серіктер форумын өткізді. Компанияның бизнес-серіктері жарақатсыздық нәтижелеріне қол жеткізу тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ Мердігер ұйымдардың қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау үшін ТШО-ның бас кеңсесінде жиналды.

ТШО-ның жоғары басшылығы мен компанияның негізгі серіктерінің топ-менеджерлерінің қатысуымен өткен іс-шара, Мердігер ұйымдар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, еңбекті қорғау, денсаулық және қоршаған ортаны қорғаудың ең маңызды аспектілері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және ашық диалогқа бағытталған.

Форумға қатысқан «West Dala» ЖШС өкілдері, Теңгіздегі жобалар басшысы Виктор Кысыков және Өнеркәсіптік қауіпсіздік және Еңбекті қорғау департаментінің басшысы Бағдат Дуйсебаев: «Мұндай бастамалар жұмыс ортасының апатсыз болуы мен тұрақты дамуды құруға деген біздің ортақ ұмтылысымызды нығайтады. Сондай-ақ олар ілгері тәжірибелермен алмасуға, заманауи қиындықтарды талқылауға және CHESM стандарттарын бірлесіп арттыру үшін тиімді шешімдер іздеуге көмектеседі», - деп атап өтті.

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.