ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

Біз "West Dala" ЖШС қызметкерлері жоғары мемлекеттік наградалармен – "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталғанын қуана хабарлаймыз:

  • Күмісбеков Буранбай Батырғалиұлы, қалдықтарды басқару кешені өндірісінің бастығы
  • Елубаев Қуанғали Сұлтанғалиұлы, сыртқы келісімдер бойынша жетекші маман
  • Хасанова Гүлнар Құмарқызы, Бас бухгалтер.

Біздің еңбек ардагерлеріміз West Dala компаниясын құрудың бастауында тұрды. Олардың әрқайсысы 15 жылдан астам еңбек өмірбаянын Қазақстандағы қалдықтарды басқарудың қазіргі заманғы саласын өндіруге және дамытуға арнады.

Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қалиева Нұргүл Сүгірбайқызы өткізген марапаттау рәсімінде "Еңбек ардагері" медалімен марапатталғандар – "еңбек адамының"маңыздылығы мен құндылығын өз үлгісімен көрсететін беделді адамдар екендігі атап өтілді. Марапаттау Қазақстан Республикасының күніне орайластырылды.

Ардагерлерімізді лайықты наградасымен құттықтаймыз және одан әрі еңбек жетістіктері мен зор денсаулық тілейміз!

 

 

 

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.