ЭКО-КРОСС

6 мамырда Атырау қаласында алғашқы рет экологиялық мақсатта алғаш рет  “Эко-кросс” акциясы болып өтті. Шара барысында “Сұлтан Бейбарыс” алаңынан Жеңіс саябағына дейін жаяу жарысқа, шамамаен 400-дей адам қатысты. Қатысушылардың арасында “West Dala” ЖШС-нің 50 қызметкері де болды. Бұл шараға компанияның Бас директорымен бірге, өзге де қызметкерлері өздерінің жанұяларымен және балаларымен бірге келіп қатысты.

  

  

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.