2026 жылғы 26 маусымда Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Іс-шараны Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы KazService, Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) компаниясымен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Форум аясында компания өкілі:
???? Мемлекеттік органдар мен ірі мұнай-газ компанияларының басшылары жиналған пленарлық сессияға;
???? «Өңірдің инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы панельдік сессияға;
???? ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өткен B2B кездесулеріне қатысты.

Сонымен қатар, West Dala форум қатысушыларына өз қызметін таныстырып, іскерлік бағдарлама барысында компанияның ақпараттық бейнеролигін ұсынды.

Компанияның негізгі қызметі Атырау және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылады. Соған қарамастан, West Dala серіктестік аясын кеңейтуге әрдайым ашық және қалдықтарды басқару мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи шешімдерді ұсына отырып, Батыс Қазақстан облысының экологиялық дамуына өз серіктестерімен бірге үлес қосуға дайын.

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.