ФОРУМЫ

West Dala компаниясының өкілдері елдегі ең ірі мұнай-химия жобасы – қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы аясында қазақстандық қамтуды дамытуға арналған «Жергілікті құндылық, бірлескен өсу» форумына қатысты. Бұл алаң халықаралық компаниялар мен қазақстандық кәсіпорындар арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берді. Қатысушыларға жобаның ағымдағы мәртебесі мен полимерлеу қондырғысы мен зауытішілік инфрақұрылым нысандарының құрылысы бойынша жоспарлар таныстырылды.

«ҰИМТ» АЭА жобасының менеджері Тимур Қалиевтің айтуынша: “Бұл іс-шарада ұлттық компанияның мұнай-газ химиясын дамытуға бағыт алғанын көрдік – бұл еліміздің экономикасы мен Атырау облысындағы жұмыс орындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын стратегиялық сала. Біз EPC-мердігерлердің таныстырылымдарымен таныстық және «Силлено» ЖШС-нің «IMBЦентр» қауымдастығына мүше болу туралы келісімге қол қойылғанын көрдік. Мұндай форумдарға қатысу біздің компанияға пайдалы ақпарат алып, жаңа таныстар табуға, сондай-ақ қалдықтарды кешенді басқару қызметінен бөлек басқа да сервистік қызметтерді ұсыну мүмкіндіктерін айқындауға көмектеседі».

Анықтама үшін: «Силлено» ЖШС – Атырау облысында полиэтилен өндіретін зауыттың құрылыс жобасының операторы. Акционерлері: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (40%), Sinopec Overseas Investment Holding (30%) және «СИБУР Холдинг» ЖАҚ (30%). Алдағы зауыттың полимерлеу қондырғысы мен зауытішілік нысандарының EPC-мердігерлері – Tecnimont консорциумы және Sinopec Shanghai Engineering Corporation.

 

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.