West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты. Бұл – Орталық Азиядағы қалдықтарды басқару саласының болашағы мен жасыл экономиканы дамыту мәселелерін талқылайтын ең ірі алаң.

GEWR’26 форумында мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар Орталық Азияда айналым экономикасын дамыту, инвестициялар тарту, инновациялық технологияларды енгізу әрі қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бойынша практикалық шешімдерді талқылады.

Форумда көтерілген тақырыптар Мемлекет басшысы белгілеген тұрақты даму міндеттері аясында ерекше өзекті. Бүгінде қалдықтарды басқару мәселесі экологиямен ғана емес, сонымен қатар халық денсаулығымен, қалаларды дамытумен және тұрақты экономикалық өсіммен де тығыз байланысты.

Waste Management Awards (WMA) 2026 марапаттау рәсімі барысында West Dala компаниясы кезекті рет өз мәртебесін дәлелдеп, «Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару саласындағы көшбасшы» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл – қалдықтарды басқару саласындағы үздік жетістіктер мен инновациялар үшін берілетін тәуелсіз қоғамдық сыйлық. Марапаттау рәсімі 2018 жылдан бері KazWaste қауымдастығының бастамасымен GEWR бизнес-форумы аясында екі жыл сайын өткізіліп келеді.

 

 

 

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.