KAZSERVICE ЖӘНЕ ТШО СЕМИНАРЫ

KazService Мұнайсервистік компаниялар одағы мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) ұйымдастырған «Тауарлардағы жергілікті қамту: ел мен саланың стратегиялық дамуы» тақырыбындағы семинар 11 қазанда Атырауда өтіп, компанияның ірі жобаларына отандық өндірушілерді тарту алаңына айналды. Семинарға 50-ден астам кәсіпорынды ұсынған 160-тан астам адам қатысты.

Шарада спикерлер ретінде KazService Мұнайсервистік компаниялар одағы Президиумының Төрағасы Рашид Жақсылыков, ҚР Энергетика Вице-министрі Құдайберген Арымбек, Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Камиль Акатов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Амрин, «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры Кевин Лайон, Батыс аймақ бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілі Марат Жарылқасынов, мұнай-газ секторының негізгі компанияларының топ-менеджерлері және саладағы жетекші сарапшылар сөз сөйледі.

«ТШО өкілдері компанияның ККЖ-ҰЕҚБЖ іске қосылғаннан кейін, бұрын КТЖ және ЕБЗ зауыттарына орнатылған жабдықтарға және 3GP және 3GI зауыттарының жаңа жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөлетінін айтты. Сондай-ақ, компания жергілікті компаниялардың арқасында тауар жеткізудегі қазақстандық қамтудың артуын күтуде, және бұл қолдау табуда: бүгін семинарда жергілікті тауар жеткізуші компаниялармен екі келісімшартқа қол қойылды», - деп атап өтті Теңіздегі «West Dala» ЖШС жобалар жетекшісі Виктор Қысыков.

Еске салсақ, біздің компания 2008 жылдан бастап ТШО-ның серіктесі болып келеді және өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару бойынша қызмет көрсетеді. Серіктестік ынтымақтастық бірнеше мердігерлік қызмет көрсету келісімшарттарымен, сондай-ақ шебер келісімдермен бекітілген, олар «West Dala» ЖШС-ін қалдықтарды басқару саласындағы жетекші компаниялардың бірі ретінде атап көрсетеді, резервуарларды ішіне адам кірмей-ақ тазартуға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді пайдаланып, кез келген күрделіліктегі тапсырмаларға технологиялық шешімдер ұсына алатын жоғары кәсіби қызмет көрсетуге дайын екенін дәлелдейді.

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.