«КӨГАЛДАНДЫРУ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

  

«Жасыл экономиканы» ұстанған біздің компания Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өндірістік базаларымызға жақын орналасқан мектептер мен балабақшаларды көгалдандыру үшін қаржы бөліп отырады. Компания биылғы жылы тікелей Атырау қаласында «Көгалдандыру» әлеуметтік жобасын жүргізіп көруге шешім қабылдап, осылайша балалар алаңдарын абаттандыруға өз үлестерін қосуға жұмыстанды.

Көгалдандыру мен абаттандыру жобасы Атырау қаласы, Сатпаев даңғылы 19 мекенжайында орналасқан балалалр ойын-сауық кешенінің аумағындағы участокте жүзеге асты. Аумаққа шағандар мен үш жастағы, биіктіктері 130-150 см. американдық үйеңкі көшеттері отырғызылды.

Жергілікті тәліімбақтан алынған отырғызу материалдары жабық тамыр жүйесі бар (жентегімен) ауданыстырылған және паспортталған болып табылады. Балалар кешенінің аумағы бойынша бір қатар, екі қатар және үш қатар тәсілімен ағаштардың 112 данасы отырғызылды. Көшеттер отырғызылатын жерлер техникамен және қолмен қазылды. Қуыстары органикалық және химиялық кешенді тыңайтқыштар қосылған құнарлы қабатпен (қара топырақ) толтырылды.

Көшеттерді отырғызу аяқталған соң ірлегес жатқан аумақта қайталама шикізаттың композитивтік материалынан (құмды-пластик) физикалық қорғаныш және абатандыру элементі ретінде бордюр қойылып, іші қара топырақпен толтырылды. Балалар ойын алаңына кіретін топ табиғи тастармен көмкерілді. Сонымен бірге басты жолмен көшеттер аралығы ағаш қоршаулармен абаттандырылды. Ағаштардың арасына шілденің аяғында тамыздың басында гүлдеп және гүлденуі қарашаның аяғына дейін тұра беретін сұрыпталған жералмұртының көшеттері отырғызылды.

Абаттандырылған аумақтың жалпы аумағы 801,5 м2 құрайды. Егер ағаштар жаңа жерлерді қабылдамаған жағдайда, олар жаңаларымен ауыстырылады.

  

 

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.