Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.
KIOGE көрмесі – мұнай-газ саласындағы инновациялық технологияларды және саланың даму үрдістерін таныстыруға арналған беделді алаң.
West Dala компаниясы үшін көрменің маңызды бөлімдерінің бірі – «Мұнай-газ кен орындарындағы сервис көрсету қызметтері» және «Экологиялық қорғау қызметтері» болып табылады. Әріптестеріміз қалдықтарды тазартуға арналған жаңа препараттармен танысып, ірі компаниялардың семинарларына қатысты. Атап айтқанда, «Қаламқас Хазар жобасында жергілікті қамтуды дамыту және отандық өндірушілерді қолдау» тақырыбындағы семинарға барды.
KIOGE аясында Қазақстанның мұнайсервистік компаниялар одағы «Kazservice» мүшелерінің жалпы жиналысы өтіп, онда ұйымның қызметі, мұнайсервис бизнесін мемлекеттік реттеу мәселелері және заңнамалық бастамалар талқыланды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)