«КӨМІРСУТЕГІ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯ» XI КӨРМЕСІ

Атырауда қыркүйектің 29 – 30 аралығында «Көмірсутегі саласындағы инновация» XI көрмесі болып өтті. Аталған шара ҚазақстанРесей XI өңіраралық ынтымақтастық форумына орайластырылды. Аталған шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі, Атырау облысы әкімінің Аппараты, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ.

Шараның негізгі бағыттары мен тақырыптары: шикізат өндірудегі инновациялар, тасымалдау мен өңдеу, жабдықтар мен техникалық құралдар және экологиялық қауіпсіздік. Бұл көрмеде Қазақстан мен Ресейдің 60-тан астам компаниялары өздерінің мұнайгаз саласындағы мүмкіндіктерін көрсетті. Көрмеге негізгі министерліктер мен ведомстволардың жетекшілері, бірқатар облыстардың басшылары, ірі бизнес өкілдері, ғылым қайраткерлері, екі елдің мұнайгаз саласындағы инновация бойынша сарапшылары қатысты.

Форумның жұмысы кезінде мемлекет басшылары Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Президенттері – Владимир Путин және Нұрсултан Назарбаевтың қатысуымен Көрме бойынша ВИП ТУР болып өтті.

«West Dala» ЖШС «экологиялық қауіпсіздік» бағытында аталған көрмеге қатысуға шақырту алған болатын. Көрмеде компания «Мұнай қалдықтарын кешенді басқару» жобасын ұсынды. Компанияның стендісіне келушілер мұнай қалдықтарымен жұмыс процесін, мұнаймен ластанған топырақты өңдеу нәтижелерімен танысуға, мамандарға сұрақтар қоюға және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндіктері болды.

Екі күндік жұмыс қорытындысы бойынша компания көрмеде Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігінің Дипломымен марапатталып және Ресей Федерациясы энергетика Министрлігінің «Өндірістік қалдықтарды кешенді басқару» жобасы үшін Дипломымен марапатталды.

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.