ЖАҢА КӨШЕ АШЫЛУЫ

Кеше Қазақстан астанасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың құрметіне жаңа көше мен мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көшеге оның есімі Есіл ауданында берілді. 

Іс-шараға Астана қаласының әкімдігі, энергетика министрлігі өкілдері, мұнай-газ саласының ардагерлері, еліміздің зиялы қауымы, сондай-ақ Нұрлан Балғымбаевтың отбасы мен туыстары қатысты.

Шараның алғашқы сөзін алған ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Нұрлан Балғымбаевтың тәуелсіз Қазақстанды дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. ???????? Балғымбаев мырза мұнай саласының өркендеуіне үлкен еңбек сіңірді, оның ішінде жергілікті кадрларды даярлау, мұнай-газ кен орындарын игеруде заманауи технологияларды енгізу, көптеген кәсіпорындарды ашу және мұнай қалдықтарымен жұмыс істеу мәселелеріне де қатысты.

Барлық қатысушылар Нұрлан Балғымбаевтың бүкіл саналы өмірін еліміздің әл-ауқаты мен мұнай-газ саласын дамытуға арнағанын атап өтті.

              

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.