ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА

Барлық балалар үлкендердің қамқорлығын, сүйіспеншілігін және түсінуін қажет етеді. Балаларды қорғау күні қарсаңында компания басшылығының шешімімен “West Dala” әлеуметтік бағдарламасына қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар қызметкерлерге материалдық көмек көрсету туралы тармақ қосылғанын қуана хабарлаймыз. Бұл дегеніміз 2023 жылдан бастап осы топтағы балалар денсаулығы мен дамуын қолдау үшін жыл сайын компаниядан белгілі бір соманы алатын болады деген сөз! Арнайы құрылған жұмыс комиссиясы ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ата-анасына көмек көрсетілетін балалардың тізімін бекітіп қойған.

Балалар күні құтты болсын! Әр баланың дені сау болып, ата-анасының қамқорлығында болсын!

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.