МАРАПАТ

West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады. Бұл мерекелік күнде шақырылған қызметкерлер компанияның алғашқы қадамдарынан бүгінгі күнге дейінгі тарихын еске алды. Басшылық үздік мамандарға алғыс білдіріп, ардагерлер мен зейнеткерлерге құрмет медальдарын және естелік сыйлықтарын, ал ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.

Компанияның дамуы, прогресі, бәсекеге қабілеттілігі, қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы – жұмысшылардың табанды еңбегінің нәтижесі. Бұлар – күннің ыстығына да, қара суығына да қарамай, компанияның өндірістік нысандарында күн-түн демей еңбек ететін нағыз майдангерлер. West Dala – ортақ мақсат пен құндылықтар біріктірген, араларында сенімді қарым-қатынас қалыптасқан біртұтас команда. Әр қызметкер өз рөлін түсінеді, әріптестерін қолдауға және экологиялық мәселелерді бірге шешуге дайын.

 

 

 

 

         

         

         

 

Толығырақ:

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі