МАҢҒЫСТАУ НЫСАНДАР

Маңғыстаудағы еңбекті қорғау жоғары деңгейде

Ақтауда «West Dala» ЖШС-нің жоғарғы басшылығының қатысуымен көшпелі жұмыс жиналысы өтті. Онда Қошанай ҚЖК, Өзен ҚЖК және Баутино жобасының жылдық қорытындылары мен жақын арадағы өндірістік жоспарлары талқыланды. Іссапар аясында 2024 жылдың 3-4 тоқсандарының қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға арналған салтанатты рәсім өтті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін мінсіз орындаған жүргізушілер мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша бақылау парақтарын ұсынған қызметкерлер марапатталды. Бұл жұмыс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етті. Маңғыстау өңірі бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жетістіктерімен ерекшеленген 32 қызметкер мен мердігерлердің жұмысшылары құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтарға ие болды:

  • Қошанай ҚЖК-нен 22 қызметкер марапатталды.
  • Баутино жобасынан – 4 қызметкер.
  • Өзен ҚЖК-нен – 6 қызметкер.

Қайрат Шаменұлы Салахаденов, «West Dala» ЖШС Бас директоры: «Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелерін сақтау – бұл жай ғана талап емес, өмірді сақтап қалатын міндетті мәдениет. Әрбір қызметкердің қауіпсіздікке қосқан үлесі компанияның ортақ игілігі үшін қызмет етеді. Компанияның ең жоғары басымдылығы – қызметкерлер мен мердігерлердің өмірі мен денсаулығы. Еңбекті қорғау мәдениетінің басты қағидасы – “Өмір мен денсаулықты сақтау. Әрбір қызметкер үйіне аман-есен оралуы тиіс”. Бүгінгі таңда компания 658 күнді өндірістік жарақатсыз өткерді. Енді біздің мақсатымыз – 1000 күнге жету! Бұл қол жеткізілетін межеге айналады: кез келген оқиғаның алдын алуға болады».

Қайрат Шаменұлы Қошанай ҚЖК, Өзен ҚЖК және Баутино жобасының қызметкерлеріне нысандарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, олардың компания құрылымындағы маңыздылығын атап өтті және барша қызметкерлерді Жаңа жылмен құттықтады «2025 жыл жемісті әрі қауіпсіз жыл болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен жұмыста табыс тілеймін!».

 

 

 

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.