МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

Жақында «Мүгедек балаларды қолдау қоры» КҚ бас директоры Тәжікенов Әбдел Оразғалиұлынан алғыс сөз алдық:

- Мүгедек балаларды керек-жарақтарымен қамтамасыз ету бойынша «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қосқан үлестеріңіз үшін және біздің Қорға көрсеткен қолдау мен көмектеріңіз үшін көп рақмет.

Сізге және қызметкерлеріңізге мықты денсаулық, жұмыста табыс, сәттілік және амандық, ал кәсібіңізге тұрақтылық пен өркендеу тілейміз!
Осы қолдау аясында West Dala компаниясы мүгедектігі бар 30 оқушыға «Балалар әлемі» дүкенінен сертификаттар беріп және кеңсе тауарлары бар рюкзактар сыйға тартып көмектесті.

Мектеп оқушыларының осындай көмек алғандарына қуаныштымыз. Барлықтарыңызға оқуда табыс және мықты денсаулық тілейміз!

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.