МЕКТЕПКЕ ЖОЛ!

Қазақстанда «Мектепке жол-2024» республикалық акциясы басталды. West Dala компаниясы бұл игі және маңызды қайырымдылық жобасынан шет қалмады.

Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің хаты негізінде акция аясында аз қамтылған отбасылардың екі баласына жаңа оқу жылына дайындалу үшін 75 мың теңгеден берілді. Қаржылай көмек West Dala компаниясының қызметкері Әлия Мұфтағалиева арқылы облыс әкімдігінің өкілі қатысуымен табысталды.

Сонымен қатар, компания Атырау облысының білім басқармасының жанындағы Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының және жасөспірімдер үйінің екі тәрбиеленушісіне көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта балалар демалыста.

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық балаларға сәтті оқудың басталуына және жаңа қызықты ашылымдар жасау үшін күш-қуат пен денсаулық тілейміз!

 

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.