ӨНДІРІС ҚАТЫНАСТАРЫ

West Dala компаниясында барлық нысандар мен жобаларында қызметкерлермен тұрақты кездесу тәжірибесі енгізілген. Мұндай кездесулерде өндірістік қатынастарға қатысты, яғни еңбек жағдайлары, тұрмыс жағдайлары, қарым-қатынастар, еңбекті қорғау, еңбек заңнамасы сияқты мәселелер ашық талқыланады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚӨжОКП, “Батыс Ескенеде”, “Қошанай” ҚЖК, “Теңіз” ҚЖК, “Прорва” ҚЖК-да Кадрлар және өндірістік қатынастар бөлімі, Денсаулық сақтау қызметі және өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті өкілдерінің қатысуымен кезекті кездесулер өтті. Кездесулерде қызметкерлермен және жұмыс комитетімен ең өзекті мәселелер мен тақырыптар көтерілді. Айта кететін жайт, өндірістік қатынасқа жауапты адамдар әрқашан жұмысшылармен кері байланыс жүргізеді.

Мұндай қарым-қатынас қызметкерлермен жұмсақ қарым-қатынас жасауға, олардың жұмыс процестеріне қатысуын арттыруға, кәсіби қасиеттерін дамытуға және кез-келген еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі болып табылады.

 

                            

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.