ӨНІМДІ ТАЗАЛАУ

Вест Дала басшылығының бастамасымен Жайық өзенінің жағалауын жақсарту бойынша сенбілік ұйымдастыруға шешім қабылданды және 2019 жылдың 23 қарашасында Алмалы ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен ұйымшыл ұжым Алмалы ауылының маңындағы жағалауды тазалап шықты.

Таңдалған аумақ тұрмыстық қалдықтардың өте көп мөлшерде жиналуынан аянышты күйде болатын, сондықтан да, сенбілікті жалпы қызметкерлерді екі топқа бөле отырып, екі кезеңде жүргізуге шешім қабылданды. Бірінші топ күннің алғашқы жартысында тазалық жүргізсе, екінші топ күннің екінші жартысында тазалық жұмыстарын жүргізді. Барлық қызметкерлерге сол жерлерде тазалық жүргізетін керекті құрал-жабдықтар: тырмауыштар, қоқыстарға арналған қапшықтар, қолғаптар, біржолғы комбинезондар және респираторлар берілді.

Компанияның қызметкерлері жекелей алғанда қайталама шикізатқа жататын және қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды анықтады. Нәтижесінде 10 куб қайталама шикізат және 10 куб қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Вест Дала компаниясының қызметкерлері үшін уақытты өзара бірлесе өткізіп қайырымды іс жасау өте тамаша болды. Үзіліс кезінде ұжым тек қана ыстық шәй, кофе ішіп қойған жоқ, сонымен бірге ұжымның ауызбіршілігін, бір-біріне деген құрметті және ұжымның үлкен бір отбасы екендігін дәлелдей алды.

Бұл күннің девизі : Қайырымды іс  – туған өлкенің аумағын жақсарту!

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.