ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР

Қараша айында Мақат кентінде-Атырау облысы Мақат ауданының әкімшілік орталығы Атырау-Доссор тас жолының 38 шақырымында орналасқан "West Dala" ЖШС "Қалдықтарды өңдеу мен орналастыруға арналған кешенді полигоны" (ҚӨжОКП) объектісінің жобалық құжаттамасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдаулар жұртшылықты және барлық мүдделі тараптарды полигонның өндірістік қызметі және қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету факторлары туралы хабардар ету мақсатында Экологиялық кодекстің және қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес Мақат ауданы әкімінің орынбасары Б.О. Жайкиннің төрағалығымен өткізілді. Тыңдауға Мақат ауданы әкімдігінің, ҮЕҰ өкілдері, жергілікті тұрғындар, оның ішінде қоғамдық ұйымдар арасынан онлайн-қатысушылар қатысты.

"West Dala" ЖШС экологтары полигон аумағында орналасқан көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары нормативтерінің жобасы, қалдықтармен жұмыс істеу, экологиялық мониторинг және бақылау бағдарламасы, сондай-ақ табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары бойынша презентация ұсынды.
Қоғамдық тыңдау барысында "West Dala" ЖШС мамандары жұртшылықтың сұрақтарына толық жауап берді. Жұртшылықтың барлық сұрақтарын, ескертулерін, ұсыныстарын хатшы хаттамаға енгізіп, әрі қарай порталға орналастыру үшін жергілікті атқарушы органға жолдады. Бұдан әрі жобалық құжаттама Атырау облысы бойынша экология департаментінде қаралады. Өткізілген қоғамдық тыңдауларды ескере отырып, "West Dala" ЖШС-не әсер етуге экологиялық рұқсат беру туралы шешім қабылданатын болады.

                                             

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.