ҚОНАҚ ДӘРІСІН

11 қараша күні West Dala компаниясы Х. Досмұхамедов атындағы университеттің экология факультетінің студенттері үшін «Қалдықтарды тиімді басқару: жіктеуден кәдеге жаратуға дейін» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәрісті компанияның Бас технологы — Масалимова Минара және эколог — Сагынбаев Ислам жүргізді. Университетпен осындай форматтағы ынтымақтастықтың мақсаты — студенттерге экология саласындағы қалдықтарды басқару мамандығының маңыздылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін көрсету, сондай-ақ болашақ мамандардың сұрақтарына жауап беру.

Компания қызметкерлері дәріс барысында қалдықтарды басқару саласындағы мамандардың кәсіби этикасы мен жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Себебі сауатты басқару – бұл тек өндіріс мәселесі емес, сонымен қатар адамдардың денсаулығына, орнықты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлес. Дәріс кезінде студенттер үлкен қызығушылық танытып, пікірталасқа белсенді қатысып, практикалық сұрақтар қойды. Ал шағын тесттің жеңімпаздары компанияның қайта өңделген қалдықтардан жасалған естелік сыйлықтарын алды. Олардың белсенділігі мен өз саласында дамуға деген ұмтылыстарын көру қуанышты болды.

Х. Досмұхамедов атындағы университеттің басшылығына және оқытушыларына көрсеткен қолдауы үшін, ал студенттерге бастамашылдығы мен белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!

 

 

Толығырақ:

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі