ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бүгін — Экологиялық білім күні. Бұл — білімнің Жерімізді сақтаудағы рөлі туралы ойлануға себеп болатын маңызды күн. Бұл күн 1992 жылы БҰҰ-ның конференциясында белгіленіп, алғаш рет халықаралық деңгейде халықтың экологиялық сауаттылығының маңызы атап өтілді. Мұндай білімді әсіресе жастар арасында кеңінен тарату өте маңызды. Себебі дәл осы жастар ертең қоғамның дамуына ықпал етіп, маңызды шешімдер қабылдайтын болады.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қалдықтарды басқару бойынша оқу бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламаны әзірлеуге West Dala компаниясы белсенді қатысты. Осы аптада біз университетке барып, сабақтардың қалай өтетінін көрдік. Біздің серіктесіміз – техника ғылымдарының кандидаты, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экология» кафедрасының меңгерушісі Мәнсия Санаққызы Есенаманова бүгінгі таңда білім беру бағдарламасының құрылуы мен жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Бағдарламаның тәжірибе жүзінде жұмыс істеп жатқанын көргенімізге қуаныштымыз: студенттер белсенді қатысып жатыр, оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісуде, ал қалдықтарды басқару тақырыбы оқу үдерісінің бір бөлігіне айналуда.

Биыл компаниямыздың 20 жылдығы қарсаңында біз Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қолдаған оқу бағдарламасының табысты дамып келе жатқанын мақтанышпен атап өтеміз. Болашақ экологтар кәсіби пәндермен қатар, қалдықтарды тиімді басқару мен қоршаған ортаны қорғау әдістерін де меңгеруде. 

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.