«Қалдықтарды басқару» оқу бағдарламасының ашылуы
КЕ АҚ «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен» біздің серіктестігіміз жаңа қарқын алды деп қуана хабарлаймыз. West Dala жұмыс тобы мен университеттің эколог оқытушыларының бірлескен жұмысы «Қалдықтарды басқару» оқу бағдарламасын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мақұлдағанына әкелді!
Университет оқу үдерісіне алғаш рет қалдықтарды басқару саласындағы мамандарды даярлауға арналған бағдарлама енгізілді.
«Оқыту қалдықтарды басқару саласында инновациялық тәсілдерді пайдаланып, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын құру кезінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді ескере отырып, білікті мамандарды даярлауға бағытталған», - дейді серіктесіміз, «Экология» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Мансия Есенаманова.
Бұл оқыту нәтижесінде түлектер болашақта өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіп-қатерлерді реттеп, бақылап және алдын алуға мүмкіндік алады.
Серіктестік аясында West Dala компаниясының сарапшылары осы бағдарлама бойынша қонақ дәрістерге қатысып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттерінің тәжірибеден өтуіне қолдау көрсетеді.
Толығырақ:
Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.
Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.
West Dala компаниясының қызметкерлері Маңғыстау облысы Экология департаменті ұйымдастырған Ақтау қаласының аумақтарын тазалау акциясына қатысты. Сонымен қатар, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынысын қолдап, Атырау қаласындағы Жеңіс саябағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.