СЕНБІЛІК

Қоршаған ортаның тазалығы баршамыздың ортақ ісімізден басталады.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Осындай бастамалар табиғатты қорғау — тек кәсіби қызмет қана емес, әрбір адамның туған қаласының тазалығына қосатын үлесі екенін тағы бір мәрте еске салады.

Бізді осы маңызды іске жұмылдырған ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Қоршаған ортаны таза ұстау — баршамызға ортақ міндет!

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.