ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕН

«West Dala» ЖШС 2005 жылы 18 шілдеде Атырау облысында құрылды және 21 жыл бойы Компания Қазақстан Республикасында қалдықтарды кешенді басқару саласында жетекші орынға ие болып келеді.

Бүгінде «West Dala» өз қызметін Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жүзеге асыруда. Компания клиенттерге қалдықтарды басқарудың стандартты тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына толық сәйкес келетін, клиенттің нақты шарттары мен тілектеріне негізделген жеке шешімдерді әзірлеуді ұсынады.

«West Dala» — «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының, «KazService» Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының, «PetroCouncil» Қазақстан мұнай-газ кеңесінің және Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының (АСІК) мүшесі. Сондай-ақ, Компания БҰҰ Жаһандық шартына — орнықты даму саласындағы жетекші ерікті бастамаға қосылды. 2023 жылдан бастап Компания тұрақты дамуға жағдай жасайтын, оның тартымдылығын арттыратын және компанияның қатысу аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін ұлғайтатын ESG-трансформациясын жүргізіп келеді. «West Dala» жыл сайын орнықты даму туралы есеп жариялайды, сондай-ақ 2024 жылы Компания қалдықтарды басқару саласындағы қазақстандық кәсіпорындар арасында бірінші болып «S&P Global» халықаралық агенттігінен ESG-рейтингін алды.

2025 жылы West Dala Кешенді технологиялық аудиттен (КТА) өтті және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қатысушы елдерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын ең үздік қолжетімді техника қағидаттарына 51% деңгейінде сәйкестік бағасын алды.

Бүгінгі таңда West Dala өзінің алты өндірістік нысанын басқарады. Олардың барлығы қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес жобаланған және салынған. Осы объектілерде қолданылатын жабдықтар мен технологиялар халықаралық техникалық стандарттарға толық сәйкес келеді. Компанияның барлық өндірістік нысандарында ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарына, оның ішінде ИМЖ мен оның бизнес-процестерін нәтижелі жоспарлау, жұмыс істеуі, басқаруы және ұдайы жетілдіруі үшін қажетті ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) жұмыс істейді.

Компания басшылығы әріптестерін Компанияның туған күнімен құттықтайды және жобаларды іске асыруда одан әрі өркендеуді, ал әрбір қызметкерге — мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен бақ-береке тілейді!

   

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.