ОҚУШЫЛАР ҮШІН ҚАЙЫРЫМЛЫДЫҚ

Тамыз – мектепке дайындықтың ең қызатын шағы. Барлық Қазақстандықтар аз қамтылған отбасылардың алғашқы қоңырауға дайындалуына көмектеседі. Елімізде бұл бағытта «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылады. Биылғы жылы ол «Бақытты балалық шақтың аумағы» девизімен атап өтілді және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Біздің әрбіріміздің оған қатысуға мүмкіндігіміз болды, барлық жиналған қаржылар оқу-құралдарын сатып алуға жұмсалды.

Жыл сайын 300 мыңнан астам қазақстандық мектеп оқушылары жаңа оқу жылы басталар алдында қиындықтарға кездеседі. Олардың ата-аналары өздерінің балаларын қажетті оқу –құралдарымен, оқулықтармен, киіммен және аяқ киіммен толықтай қамтамасыз етуге жағдайлары келмей жатады. Бірақта бұл қиындықтан шығудың жолдары бар. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балалалар өздеріне қажетті мектеп жарақтарын сатып ала алады.

Біздің Компанияда көмекке зәру қалалық мекемелерге және отбасыларға жыл сайын өзінің үлесін  қосып келеді, аталған акцияның шеңберінде Компания Атырау қаласындағы «Мүгедек балаларды қолдау қоры», Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы әккімшілігіне және т.б. ұйымдарға өз көмектерін көрсетті.

  

  

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.