«West Dala» ЖШС 2005 жылы 18 шілдеде Атырау облысында құрылды және 21 жыл бойы Компания Қазақстан Республикасында қалдықтарды кешенді басқару саласында жетекші орынға ие болып келеді.
Вест Дала, басқа компаниялар сияқты өзінің қызметкерлеріне түрлі оқулар ұсына отырып, қызметкерлер құрамын дамытуға күш салады. Қызметкерлерді оқыту дегеніміз – ең алдымен компанияның өзінің табысының кепілі болып табылды. Сондықтан да, бас және еншілес компанияның қызметкерлері «Мұнаймен ластанған топырақтарды және мұнай шламдарын қалпына келтіру үшін Көп құрамды Микробиологиялық GRAN» (ММП «GRAN») Препаратын қолдану» тақырыбы бойынша жақында оқудан өткендігі туралы жаңалықпен бөліскіміз келеді. Енді біздің компания мұнай қалдықтарын басқаруды өзінің сертификатталған мамандарына сеніммен тапсыра алады.
