PETROCOUNCIL

Осы жылдан бастап West Dala компаниясы Қазақстанның мұнай-газ кеңесінің «PetroCouncil» мүшесі болды. Бұл қауымдастық Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған.

«PetroCouncil» миссиясы – мұнай-газ нарығының әділ және табысты дамуын қамтамасыз ету үшін күш-жігерді біріктіру және қолдау.

Қауымдастық жүзеге асырған жобалардың кейбірі:

  • Жылыой ауданындағы жұмыссыз тұрғындарға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту
  • ТШО, НКОК, КПО ірі операторларымен сатып алу және алдын ала біліктілік бойынша семинарлар
  • ШОБ үшін ТШО және НКОК сатып алу және алдын ала біліктілік талаптары бойынша жадынама әзірлеу
  • және басқа да маңызды бастамалар!


West Dala компаниясы үшін «PetroCouncil» мүшесі болу – сараптамалық қолдау алудың ғана емес, сондай-ақ мұнай-газ нарығының негізгі ойыншыларымен, операторлармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау үшін маңызды платформа болып табылады.

                                                  

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.