РЕ-СЕРТИФИКАЦИЯЛЫҚ АУДИТ

«West Dala» «Вест Дала» ЖШС біріктірілген менеджмент жүйесін 2006 жылдан бастап ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және 2012 жылдан бастап BS OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына тиісті сәйкестілікте енгізді және қолдап отырады.

2014 жылдың басында Intertek компаниясы ре-сертификациялық аудит жүргізіп, «West Dala» «Вест Дала» ЖШС компаниясының менеджменті жүйесі аудиттің талаптарына сәйкес келетіндігін және компанияның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін тиімді деп санауға болатындығын анықтады.

Аудит нәтижесінде Intertek компаниясы West Dala» «Вест Дала» ЖШС-нің біріктірілген менеджмент жүйесі сертификаттарын 2017 жылға дейін ұзартты.

Толығырақ:

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі