SAFETY QUIZ

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Дүниежүзілік күнге орай НКОК Н.В. компаниясы бизнес-серіктестер, өндірістік нысандар мен құрылымдық бөлімшелердің басын қосқан 20 команда арасында Safety Quiz онлайн ойынын өткізді. Іс-шара Қауіпсіздік айлығы аясында НКОК Н.В. компанияның ӨҚ, ТҚ, ҚОҚ және ӨБ дирекциясының «Озық технологиялар орталығы» департаменті тарапынан ұйымдастырылды.

Әрқайсысы 5 қатысушыдан құралған командалар 7 раундты еңсерді, бұл ретте сұрақтардың тең жартысы еңбек және техника қауіпсіздігіне арналса, қалған 50 пайызы жалпы танымдық тақырыптарды қамтыды.

Бұл жай ғана викторина емес, білімді, жылдам реакцияны және командалық ауызбіршілікті сынайтын нағыз тартысты сайыс болды.

«West Dala Team» командасының намысын Баутино жобасының қызметкерлері қорғады. Командаға Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің басшысы капитандық етті.

Біздің әріптестеріміз үйлесімді ойын көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін паш етті және іс-шараның ең жарқын қатысушыларының біріне айналды.

Мұндай бастамалар қауіпсіздіктің жай ғана талап емес, білім мен ортақ жауапкершілік арқылы қалыптасатын корпоративтік мәдениет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұйымдастырушыларға іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтамыз, ал өз командамызға компания атын лайықты таныстырып, кәсібилік пен тамаша нәтиже көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз.

                                        

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.