САЙТҚА КІРУ

«West Dala» компаниясының «Қошанай» қалдықтармен жұмыс жасау кешеніне (ҚЖК) «Аманат» партиясының Атқарушы хатшысы Тәңғұл Қайрат Боқанұлы және Түпқараған ауданы мәслихатының төрағасы Нұғманов Айсғали келді.

Кешен аумағын аралау барысында Компания мамандары экологиялық қауіпсіз жоғары температурада қалдықтарды залалсыздандыруға арналған инсинератордың жұмысын таныстырды. Қонақтарға тұрмыстық ағынды суларды қабылдап, қайта өңдеуге арналған тазарту құрылғылары мен тазартылған сулардың жинақтау тоғаны көрсетілді. Сондай-ақ мамандар мұнай және бұрғылау қалдықтарын термиялық өңдеуге арналған УЗГ қондырғысының жұмыс технологиясын түсіндірді.

Қонақтар кешеннің әртүрлі қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу, көму және залалсыздандыру үшін арналған учаскелерімен танысты. Сапардың қорытындысы бойынша Тәңғұл Қайрат Боқанұлы мен Айсғали Нұғманов Қошанай кешенінің жұмысына жоғары баға беріп, мазмұнды экскурсия үшін алғыс білдірді.

Қоғам және мемлекеттік органдар өкілдерінің мұндай сапарлары «West Dala» ЖШС үшін өте маңызды. Біз әрқашан ашық диалогқа дайынбыз және компаниямызда қалдықтарды кешенді басқару үшін қолданылатын экологиялық қауіпсіз технологияларды көрсетуге әзірміз.

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.