СЕРТИФИКАТ

Қыркүйек айында Теңізде экологтар қауымдастығының ай сайынғы жиналысында ТШО жобасында жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың ЭЕӘ бойынша үздік мамандарын марапаттау өтті. Олардың қатарында біздің эколог Тоғжан Райымбек те бар!

Ынталандыру грамотасында ККЖ ЭЕӘ тобы Тоғжанға West Dala компаниясында ЭЕӘ аспектілерін басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тиімді қызметі үшін алғыс білдірді.

«Тоғжан кәсіби және көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, қалдықтарды басқару қызметіне байланысты мәселелерді шешуге белсенді түрде қарайды. Тоғжан ККЖ-ҰЕҚБЖ барлық құрылыс алаңдарында қалдықтарды басқарудың сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етуде», - делінген хатта.

Әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз және ТШО жобасындағы West Dala командасының жұмысына табыс тілейміз.

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.